Қалалық қоғамдық-саяси газет

Соғыстың соңғы ардагері 99 жасқа толды

0 588

Жамбыл ауданындағы сұрапыл соғыстың соңғы ардагері Қасен Шанбаевтың жауынгерлік жолы туралы айтар сөз аз емес. Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев бүгін 99 жасқа толып отыр. Жеңіс сағатын соқтыруға үлес қосқан ардагердің шаңырағына арнайы барған Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев қарияны төл мерекесімен құттықтап, сый-сияпат ұсынды.

– Оқ пен оттан аман қалып, елге жеңіспен оралып, соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан өзіңізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Ұлы Отан соғысында жамбылдықтар да өшпес ерлік көрсетті. Ауданымыздан майданға аттанған 9341 жауынгер сұрапыл соғыс жылдары толарсақтан су кешіп, ұрыс даласында қаһармандықпен көзге түсті. Олар өздерін бұл біздің азаматтық міндетіміз деп қабылдады. Сіз егемен елдің қаһарманысыз, – деді Сәкен Қаланұлы өз құттықтауында. Сондай-ақ ардагер өміржолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, қызықты оқиғаларды әңгімелеп берді.
Қарияның өтінішімен аудан өнерпаздары зұлматты жылдарды еске салатын әуендер шырқап, көңілін бір серпілтіп тастады. Ұрыс даласының қаһарманы ақ батасын беріп, елдің тыныштығын тіледі.
Бүгінде Қасен атадан тараған 3 ұл, 3 қыздың қатары 16 немереге, 41 шөбереге, 5 шөпшекке жетіп отыр.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.