Қалалық қоғамдық-саяси газет

Smart Сity: Басты мақсат – балалар қауіпсіздігі

0 166

«Smart City» жобасы аясында облыстағы білім беру саласының қауіпсіздігін бақылау мақсатында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба аясында мектептерде орналастырылған турникеттер арқылы тұлғаның биометриялық (FaceID) параметрлерін пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Қоғамдық көлікте қолданылатын «Tulparcard» картасының көмегімен сіз мектеп асханаларында да төлей аласыз.
«Ата-ана бақылауы» мобильді қосымшасы бұл ата-аналарға баланың автобустан шыққаны, мектепке барғаны, асханада, тамақ мәзірінде ақы төлегені және үйге оралғаны туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. Мектептерде орнатылған сандық камералар, дабыл түймелері Полиция департаментінің жедел басқару орталығына біріктірілген.
Пилоттық жоба Тараз қаласының 10 мектебінде енгізілді. Соңғы деректер бойынша қосымшада 6246 ата-ана және 4310 бала тіркелген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы Тараз қаласының 60 мектебінде Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған 600 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Бүгінгі күнге облыстағы 444 мектептің 50-і мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.
2022 жылы 1 мамыр күні облыс бойынша 444 мектептің 135 дабыл түймесі орнатылып, облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына немесе тиісті аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылды.
Облыс бойынша 68 мектепте турникет орналастырылса, бейнебақылау 444 мектепте 9053 дана камера балалардың қауіпсіздігін бақылауда. Оның 2996-сы цифрлық, 6057-сі аналогтық, 3250-і ғимараттың сыртында және 5803-і нысанның ішінде орналасқан.
Қаладағы тәртіпті де қадағалауда бейнебақылау құралдарының көмегі мол. Ол бүгінде өз жемісін беруде. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында бейнебақылау камераларының санын ұлғайту мақсатында 36 384 бейнебақылау камералары, оның ішінде Тараз қаласында 16 551 камера орнатылды.
Тараз қаласында «Сергек» жобасын іске асыру бойынша да біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Сергек» ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша 1250 бейнебақылау камерасы және «Сергек» жол қауіпсіздігін бұзу қағидаларын тіркейтін 48 аппараттық кешен орнатылады. Жұмыстарды «IP Технологиялар» ЖШС жүргізеді.
Тараз қаласы бойынша қоғамдық орындарда, жолдардың желілік учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 210 бейнекамера орнатылған.
Ал аудандар мен ауылдық елді мекендер бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласын цифрландыру нәтижелері бойынша барлығы 1200 бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 874-і аудандық бөлімдер мен ауылдық учаскелік полиция пункттеріне шығарылған. Ағымдағы жылы әкімдіктер жүйені 143 бейнекамераға кеңейтуді жоспарлап отыр.
Шу ауданында барлығы 147 бейнекамера, 9 монитордан тұратын бейнеқабырға, серверлік сақтау жүйесі, талшықты-оптикалық байланыс желісі коммуникациялық қосылымы бар. Сонымен қатар 62 камера Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктірілген. Шу қаласында 62 камера, 6 ауылдық округте 85 камера орнатылған. Ағымдағы жылы 3 камера орнату жоспарлануда.
Қордай ауданында 87 (63 камера аудан орталығында, 24 камера ауылдық елді мекендерде) бейнекамера орнатылған. 68 камера Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен қалған 19 камера ауылдық полиция учаскесімен біріктірілген. Ағымдағы жылы бейнежүйені ұлғайту көзделуде.
Меркі ауданында 25 камера (10 камера Меркіде, 15 камера ауылдық елді мекендерде), 4 монитордан тұратын бейнеқабырға, серверлік сақтау жүйесі, талшықты-оптикалық байланыс желісі коммуникациялық қосылымы жұмыс жасауда.
Сарысу ауданында 99 (45 камера Жаңатас қ.) камера, коммуникациялық байланыс – радиоқатынау бар. Ағымдағы жылы 9 камера орнату көзделуде.
Талас ауданында 16 камера Қаратау қаласында орнатылған. Басқару пункті аудандық полиция бөлімінде интеграцияланған және коммуникациялық байланыс – радиоқатынау бар. Ағымдағы жылы 39 камера орнату жоспарланған.
Байзақ ауданында 84 камера (38 камера Сарыкемер ауылында, 46 камера 17 ауылдық округтерде) орнатылған және 4 монитордан тұратын бейнеқабырға, коммуникациялық байланыс – радиоқатынау бар. 37 камера полиция бөлімшелерімен интеграцияланған.
Жамбыл ауданында 51 камера (4 камера Аса ауылында, 47 камера 16 елді мекенде) полиция бөлімшелерімен интеграцияланып орнатылған. Ағымдағы жылы 17 камера орнату жоспарланған.
Жуалы ауданында 42 камера (18 камера аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында, 24 камера 10 ауылдық округте) орнатылған. Ағымдағы жылы бейнежүйені ұлғайту жоспарланбаған.
Т.Рысқұлов ауданында 24 камера (18 камера аудан орталығында) орнатылған. Барлық бейнекамералар аудандық полиция бөліміне шығарылған.
Мойынқұм ауданында 25 камера, оның 10 полиция кезекші бөліміне интеграцияланып (15 камера аудан орталығында) орнатылған. Ағымдағы жылы 2 камера орнату көзделген.
Облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Smart City» жобасы аясында қала бойынша «SOS» дабыл түймелері арнайы құрылғылары да орнатылған. Аталған құрылғы арқылы заңсыз әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда полициямен байланысуға болады. Бүгінгі таңда қала бойынша 10 дабыл түймесі жұмыс істеуде.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.