Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскери қызметке шақыру туралы

0 242

Отан тірегі Қарулы күштер екені белгілі. Оның дамуына, қалыптасуына тек әскерилер ғана емес, Ата Заңда атап көрсетілгендей, тәуелсіз елдің әрбір азаматы жауапты. Отанымыздың тәуелсіздігін қорғау, егемендіктің сенімді сақшысы болу «Мен қазақпын! Мен қазақстандықпын!» деген әрбір азаматтың сенімі және адалдығына сын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, әскерге жарамды 18-27 жас аралығындағы қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған кез келген Қазақстан азаматтары мерзімді әскери қызметті 12 ай мерзімге өткеруге міндетті болып табылады.
Облысымыздың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын 18 бен 27 жас аралығындағы ер балаларға (әскерге шақырушыларға) «1414» нөмірінен СМС арқылы және тұрғылықты мекенжайлары бойынша әскерге шақыру қағаздарын тарату жұмыстары жүргізілді.
Әскери қызметке шақыру 18 -27 жас аралығына дейінгі денсаулық жағдайы бойынша жарамды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған (сотталмаған) және әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ азаматтар жатады. Әскерге шақырылушының білім деңгейі, мамандығының болуы және моральдық-психологиялық ерекшеліктері, Қарулы күштері түрлері мен тектері бойынша және сондай-ақ басқа да әскери құрылымдар бойынша бөлуге әсер етеді.
Көктемгі әскерге шақыру науқанында Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне берілген тапсырмасы бойынша 1300-ден аса азамат әскер қатарына шақырылды. Биылғы жылы әскерге шақырушылар саны өткен жылғымен салыстырғанда едәуір жоғары.
Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасымен келісілген жоспарға сай, жалпы білім ордаларын бітірген түлектер зерделеніп, медициналық куәландырудан өткізіліп, кейінге қалдыруға негізі жоқ жастар ғана әскерге жөнелтіледі.
Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті азаматтарды мерзімді әскери қазметке шақыру жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қатаң түрде жүзеге асыруда.
Қолданыстағы заңнамада мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін әскерге шақырылушылардың әкімшілік жене қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-бабында, шақырылушылардың шақыру бойынша белгілеген мерзімде дәлелді себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Медициналық куәландырудан және тексеруден өтуден жалтарғаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу әкімшілік кодекстің 648-бабын көздейді.
Сонымен қатар заңды негізде болмаған кезде әскери қызметтен шақыруға жалтару, Қылмыстық кодекстің 387-бабының 1-бөлігінде көрсетілген 1000 айлық есептік көрсеткіш не болмаса түзеу жұмыстарына не 1 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеу көзделген. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес аталған әрекет мүлдем өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы, ауру- симуляция жасау құжаттарды жалған жасау арқылы анықталған жағдайда 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу міндеттелген.
Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлімінде барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс министрлігінде және Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жедел жүйе жұмыс жасайды. Онда жауапты лауазымдар, тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарға түсіндірме береді.
Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сенім телефондары орналасқан, сондай-ақ барлық жергілікті әскери басқару органдарында «Инстаграм», «Фейсбук» желілерінде аккаунттар ашылған.
Жоғары басшылықпен бекітілген жасақтау жоспарына сәйкес, әскерге шақыру науқаны өткізілді, сондай-ақ әскерге шақыру жоспарында көзделген іс- шаралар жүргізіледі.

Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.