Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерге бару абыройлы іс болуы керек

0 567

Жалпы биыл әскерге барған азаматтардың қаза болуы жиілеп кетті. Көптеген ата-аналар осы жайтқа байланысты, балаларын әскерге жібергісі келмейді. Сондай-ақ  өз еркімен барғысы келмейтін жастарды кез келген жерден еркінен тыс  алып кетіп жатқандар да аз емес. Осы жайттардың барлығы жұртшылыққа кері әсерін тигізуде. Әлбетте кез келген ата-ана ұлының Отан алдындағы борышын абыроймен өтегенін қалайды. Дегенмен жоғарыдағы жайттар әскерді үрей мен қорқыныштың символына айналдырып жібергендей. Бірақ, бұл қате түсінік. Себебі әскер қатарында болып, өмірге деген көзқарасы өзгеріп, таным көкжиегі кеңейіп қайтқандар жетерлік. Негізінен 18 жасқа толған әрбір жігіт  әскерге барып, борышын атқарып қайтқаны дұрыс деп білемін. «Әскерге бармай-ақ та Отанды қорғау қолымнан келеді, босқа уақыт жоғалтып қайтемін?» деп таяз ойлайтындар да арамызда кездеседі.  Сондықтан мұндайлардан арылу үшін жастарды әскерге баруға ынталандырудың жолын қарастыру қажет. Мәселен, Солтүстік Кореяда ұлдармен қоса қыздар да сарбаз болуға құлшынады. Себебі бір үйден бір адам әскер қатарына алынса оның өзінінің де, отбасының да барлық жағдайы мемлекет тарапынан жасалады екен. Басқа мемлекеттерден де осыған ұқсас мысалдарды келтіруге болады. Елімізде де осындай кешенді шараларды қолға алса әскерге барғысы келетіндердің қарасы едәуір көбейер еді.

Лаула Сейділда,

Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.