Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өскеменде педофил деп күдікке ілінген жігітті жұрт жабылып тепкілеп тастады

0 376

Өскеменде балаларға тиісті деп айыпталған жігітті тұрғындар жабылып сабап тастады, деп хабарлайды Экспресс К

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған автордың айтуынша, жас шамасы 25-30-дардағы жігіт көшедегі ойнап жүрген кішкентай балаларға тиіскен.

Видеодан бір топ жігіттің педофил деп айыпталған азаматқа өздері үкім шығарып, аямай соққының астына алып жатқанын көруге болады. Жігіт оңбай таяқ жеді. Бірақ оның шын мәнінде кінәсі бар-жоғы белгісіз.

Экспресс К бұған дейін Есінен танғанша сабады. Алматыда екі адамның төбелесі видеоға түсіп қалғаны туралы жазған болатын.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.