Қалалық қоғамдық-саяси газет

СІМ шетелдегі қазақстандықтарға үн қатты

0 219

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға үн қатты.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда баласымен қаза тапқан қазақстандық әйелдің оқиғасына қатысты істің мән-жайын  жай-жапсарын айтып, қазақстандықтардың қауіпсіздігі өз қолында екенін айтты.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Біздің консул жергілікті құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ, жәбірленушілердің адвокаттарымен байланыста. Қазір Түркияда немесе басқа елдерде демалып жатқан азаматтарымызға кез келген экскурсияға бармас бұрын, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, сол елдің ережелерін сақтау керегін айтқым келеді. Қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда», – деді Айбек Смадияров.

Ол шетелде қазақстандыққа қатысы бар кез келген оқиғаға толығымен жауапты екенін айтты.

«Дипломаттардың ролі – толық консулдық және құқықтық қолдау көрсету, соның ішінде біздің азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын қадағалау. Бірақ тараптардың қорғаушысы ретінде сотқа, тергеу әрекетіне де қатысуға құқығымыз жоқ. Сондықтан тергеуді оқиға болған елдің құқық қорғау органдары жүргізеді», – деді Смадияров.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.