Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Шырқа, даусым!»

0 363

Биыл елімізде халқымыздың біртуар перзенті Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде. Осыған орай, «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» ХІІ республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтті.

Кененнің шығармашылығын кеңінен дәріптеп, халқымыздың төл өнерінің бірі – дәстүрлі әншілікті жаңғырту, ұлттық мәдениетті сақтау және дамытуды мақсат тұтқан байқауға Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Қордай аудандары, Қаратау, Тараз, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу, Алматы, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Абай, Ұлытау облыстарынан 18 өнерпаз қатысты.
Үміткерлердің өнерін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер, аудармашы, сазгер, Қордай ауданының Құрметті азаматы Бақытжан Әзірбаев, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Мәдениет саласының үздігі, композитор Дүйсен Бықыбаев, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Фольклорлық ғылыми-зерттеу» лабораториясының меңгерушісі, «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, әнші, сазгер, PhD (философия докторы) Бағлан Бәбіжан және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуовтен құралған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені түркістандық Аружан Сағындық иеленсе, І орынға жамбылдық Мерей Абуева, ІІ орынға алматылық Нұрдана Сәлімхан лайық деп танылды. Ал ІІІ орынды жамбылдық Бекарыс Көштаев пен қостанайлық Айбике Таңатарова өзара бөлісті. Өзге де қатысушыларға қаржылай сыйақы мен арнайы дипломдар табысталды.
Шара соңы «Шырқа, даусым!» конкурсының лауреаттары мен танымал өнер шеберлерінің қатысуымен өткен «Кененнің ізбасарлары» атты думанды кешпен түйінделді.

Айнура СЕЙДІЛДАЕВА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.