Шудағы атысқа қатысы бар күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандардың бәрі анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен соталды тергеу амалдары басталды.
Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу мәселесі қаралады.
Сондай-ақ, тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатовтың айтуынша, кеше кешке Шу ауданының орталық ауруханасына 23, 25, 26 жастағы төрт жігіт жеткізілген.
Төртеуі де атыс қаруынан ауыр жарақат алып, оның біреуі ауруханада көз жұмды.