Қалалық қоғамдық-саяси газет

Штаб отырысы өтті

0 504

«AMANAT» партиясының Тараз қалалық филиалы жанындағы штаб отырысы өтті. Жиынға штаб құрамына енгізілген Тараз қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, партия белсенділері, партия ардагерлері онлайн режимінде қатысты.

Жиын барысында штаб мүшелеріне желілік кестеге сәйкес өткізілетін іс-шаралардың сапалы өтуі, маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, штаб мүшелеріне халықпен кездесу барысында тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі екенін жеткізу айтылды. Сондай-ақ ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халықтың қатысуы қажет екендігін халыққа дұрыстап жеткізу ұсынылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.