Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»

0 243

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өскелең ұрпақты қаһарман жауынгерлердің теңдессіз де жанқиярлық ерліктеріне, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілікке сақтау мақсатында «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»  тарихи баспалдақ іс-шарасын өткізді.

Іс-шара қайсар рухты, батыр болмысты биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батырлары, халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.  Мерейтой иелерінің ерлігі мен өмір жолымен туралы бейнебаян көрсетіліп, Тараз инновациялық көпсалалы колледж білімгерлерінің «Ел қорғаны  – Рахымжан» көрінісі  қойылды. №33 орта мектебінің 5 сынып оқушылары Жеңіс туралы  жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Кітапхана қызметкері Сағатбекова Нұргүл «Әлия» әнін орындады. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлім оркестрінің сүйемелдеуімен солист ефрейтор Ибраимов Алпамыстыңорындауында  «Алға қазақ жігіттері», «Елдің қорғаны»  композияларымен аяқталды.

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.