Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шетелдік компаниялар 3 миллиард теңге «Google салығын» төледі

0 163

Қазақстандағы шетелдік компаниялар «Google салығы» бойынша Қазақстан бюджетіне 3 миллиард теңге төледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Желіде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) ҚҚС («Google салығы») төлеуі тиіс.

«Бұл салық жаңалық емес, ол әлемнің көптеген елінде қолданылады, мысалы Францияда – 2017 жылдан, Ұлыбританияда – 2020 жылдан, Италияда – 2021 жылдан, Түркияда 2020 жылдан бастап. Бұл салықты ТМД елдерінде де, Ресейде – 2017 жылдан, Беларусьте – 2018 жылдан, Өзбекстанда 2021 жылдан бастап қолданады. (…)

Біздің азаматтар бұл салықты төлемейді. Салықты шетелдік интернет-компаниялар төлейді», – деді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Салықты тұрақты төлемейтіндерге қатысты мынадай шаралар қолданылады:

  • салықтан жалтарған шетелдік интернет-компаниялар атауын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
  • салықты тұрақты төлемейтіндер туралы шетелдік салық басқармасына хат жолдау;
  • салықтан жалтару әрекеті жалғасса компания ресурстарына қолжеткізуді шектеуге немесе толығымен тыйым салынуы мүмкін.

«2022 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан бюджетіне «Google-ға салық» түрінде барлығы 3 миллиард теңге түсті», – деп толықтырды МКД өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.