Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы» атты іс-шара өтті.
Шара барысында қаламгер атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды. Кабинеттің материалдық-техникалық жабдықталуына Ш.Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Қайрат Айтбай демеушілік жасаған. Қаламгердің сыныптасы Әбдуәлі Данаев пен Қайрат Орынбайұлы кабинеттің лентасын қиып, ізгі тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ осы күні мектептің кітапханасына ұлағатты ұстаз Шынар Дүйсенованың есімі беріліп, «Анаға тағзым» бұрышы ашылды.
Шара соңы әдеби-сазды кешке ұласып, өнерпаз өрендер Шер-ағаның «Интернат наны» әңгімесінің желісі бойынша қойылым көрсетіп, «Бір кем дүние» туындысынан үзінді оқыды.
Құрмаш Қаптағай