Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шераға тұрған шаңырақ

0 195

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның туған күніне орай Тараз қаласындағы «Астана» ықшам ауданындағы қаламгер тұрған 7-ші үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Артына аталы сөз қалдырып, шындықтың шырақшысы атанған қаламгердің құрметіне Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы аталмыш белгінің қойылуына ұйытқы болды. Мәдени кеш барысында суреткердің өмір жолы, қайраткерлік қыры, азаматтық келбеті туралы жылы естеліктер айтылды.

– Шерағаң – өзінің әділеттілігімен, шыншылдығымен өмір бойы қарапайым халықтың қамын ойлаған ұлттың ұлы. Жазушының әрбір туындысы, шығармасы – артында қалған қалың еліне деген ескерткіші. Ұлт қайраткерінің есімі – ел есінде. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар тұлға Шерхан Мұртазаның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталатыны анық. Ескерткіш тақтаның ашылуы – ұрпақ үшін ұлағатты іс, – деді жиында алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев.

Бұдан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, жазушының немере інісі Әлижан Мұртаза ескерткіш тақтаның лентасын салтанатты түрде қиды. Ескерткіш ерекше композицияда кітап мүсінімен жасалған.

– Мен жазушы Шерхан Мұртаза тұрған үйдің аймағындағы көрші үйде туып-өстім. Ол кісіні көзінің тірісінде кездестірмегеніме өкінемін. Себебі мен қаламгердің «Қызыл жебе» атты шығармасын оқығаннан кейін кітап оқуға деген құмарлығым артты. Бұл күнде «Ай мен Айшасын» да оқып шықтым. Бүгін арнайы ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысып, осындай қаламгердің жерлесі болғанымды мақтан тұтамын, – деді Арзат Мәуленұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.