Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шер-аға тұрған үй музейге айналды

0 603

Бүгін Жамбыл жерінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық торқалы тойы басталды.

Таразда қаламгердің еңселі ескерткішінің ашылуынан бастау алған дүбірлі шара өзі өмірге келген Жуалы ауданының Талапты ауылында жалғасты. Мұнда Шер-ағаның өзі тұрған үйі әдеби-мемориалды музейге айналды.

Салтанатты шараға Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек ерлері Мұхтар Шаханов,Аягүл Миразова,ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбайды, Гүлдара Нұрымова, Ильяс Буларов, Мейрамбек Төлепберген, Жанарбек Әшімжан қатысып, музейдің лентасын қиды. Бұдан кейін қонақтар нысанды көпшілік бірге аралап көрді. Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев жазушының балалық кезі мен білім алған шақтары, студенттік жылдары, журналистика және жазушылық қызметі, саяси өмірге араласуы, жұмыс кабинеті мен инсталяциясы орналасқан әдеби-мемориалдық үйді таныстырды.

Шара одан әрі К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның «Алатау» фольклорлық ансамблінің концерттіңк бағдарламасына ұласты.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.