Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Шекарада тағы екі темекі контрабанда фактісі тоқтатылды

0 672

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимылда мемлекеттік шекара арқылы темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

2025 жылдың алғашқы алты айында облыс аумағында осындай 11 факт тіркеліп, 1 492 439 қаптама темекі өнімдері тәркіленді.

Контрабанданың келесі бір фактісі 2025 жылғы 16 шілде күні сағат 20:40-та тіркелді. Жамбыл облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бірлесіп, темекі өнімдерін заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті.

Қордай ауданы аумағындағы «Қасық» шекара бөлімшесінде әртүрлі атаумен, соның ішінде Oris маркасымен 7 830 қаптама темекі тәркіленді.

Келесі заңсыз тасымалдау әрекеті 2025 жылғы 19 шілде күні түнгі сағат 01:30-да тіркелді. Қордай ауданының «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінде тағы бір 5 000 қаптама Oris темекісі әкелінбек болғаны анықталып, жолы кесілді.

Алдын ала есеп бойынша бұл өнімдерге тиесілі акциздік салық сомасы 1 590 000 теңгені құрайды.

Аталған фактілер бойынша материалдар Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.