Танымал әнші Төрғали Төреәлі жақында фонограммен ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.
Атышулы әнші Таразда мыңдаған тыңдарманның алдында ұятқа қалды. Ол қала күніне орай ұйымдастырылған кеште жаңадан жазылған әнін орындап жатып, қайырмасына келгенде жиналған көрерменге екі қолын көтеріп, сәлем жолдайды. Осы сәтте әннің қайырмасы айтылып жатады.
Әншінің дайын дауыстан жаңылған сәтінен түсірілген видео Instagram-дағы Aibatnews парақшасында жарияланды.
Бейнежазбаны көрген желі оқырмандары әншінің «дауысы жоқ» деп айыптады.
«Төреғали ұят-ай!», «Тараз әкімшілігі осы шегірткені босқа шақырған», «Не де болса есте қалатын кеш болды», «Фонограммаға әбден үйреніп алыпты, дауысы жоқ», «Бұл әншілер Димаштың тырнағына да татымайды»,
Елімізде фотограмманы тоқтататын заң әлі толықтай қабылданған жоқ. Ал Германияда дайын дауысқа үйренгендер темір торға тоғытылатынын айта кетейік.