Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Шапағат» базары және басқа да арзанға сатылып кеткен нысандар мемлекетке қайтарылады

0 153

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия олигополияның меншігіне берілген объектілерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мемлекетке қайтару жұмысын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап.

Бүгінгі күні комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің ақпараты бойынша, сотта жалпы 13,5 млрд теңгеге жуық мүлікті мемлекеттік меншікке қайтару туралы прокурордың 10 талабы қаралып жатыр.

Оның ішінде астаналық «Шапағат» базары, Шымкенттегі қоқысты қайта өңдеу кәсіпорны – «Таза қала» МКК және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, Шымкенттегі «Қазақ инновациялық университеті» ЖШС-ға тиесілі, құны 4,5 млрд теңге болатын 150 гектар жер учаскесі; «Сарыағаш» санаторий-курорттық кешеніндегі 1,44 гектар жер, Ақмола облысындағы 17 мың гектар жер учаскесі, Алматыдағы құны 2,9 миллиард теңге болатын 3,84 гектар жер учаскесі, бағалау құны 1,5 миллиард теңге болатын «Найза-БН» ЖШС («Барыс-4» базары) жарғылық капиталының 65% бар.

– Бұдан басқа, активтерді кейіннен шығару, экономикалық ресурстарды монополиялық шоғырландыру мақсатында мемлекеттік мүлікті заңсыз иелену, міндеттемелерден, оның ішінде салықтық міндеттемелерден жалтару фактілерін анықтау тұрғысынан азаматтық істер бойынша сот актілеріне тексеру жүріп жатыр. Қазір 21 млрд теңгеге олигополия өкілдерінің пайдасына шығарылған сот шешімдерін қайта қарау туралы Бас прокуратураның 11 наразылығы Жоғарғы соттың қарауында жатыр, – деп хабарлады Зейін Әліпбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.