Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шай құятын келін емес, миллиондар табатын клубтың келіні болғаным дұрыс – Say Mo

0 477

Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембек бұрынғы күйеуі, актер Шәріп Серіктің сұхбатынан кейін оны келеке етіп, вайн түсірген, деп хабарлайды Экспресс К

Бұған дейін Шәріп Серік Аман Тасығанға сұхбат беріп, не үшін ажырасқанын түсіндірген болатын. Ол бұрынғы әйелінің өзі іссапарда жүргенде анасына Атыраудан келген қонақтарды күтуге көмектеспегенін, ұрыс-керіс осыдан басталғанын айтқан.

Мөлдір Есембек Шәріптің осы жауабын келеке етіп, вайн түсіріпті. Сосын оқырмандардың пікірлеріне де уәж айтқан. Мысалы, желі қолданушыларының бірі оны «клубтың келіні» деп жазған. Әншінің бұған да сөзі дайын екен.

Шай құйып отырғанша, клубтың келіні болып, миллиондаған ақша тапқаным дұрыс-ау шамасы,

— деп жазған Say Mo.

Ол бұрынғы күйеуінің бұл сұхбатын «ертегі» деп бағалаған. «Осыдан кейін Шәріп Серік тағы да микроинсульт алса, не болады?» деген сұраққа да жауап беріпті.

instagram.com/say_mo__
instagram.com/say_mo__

Енді тыша алмаса да Мөлдір кінәлі деп соттатып жібермесе болғаны, — деп кекеткен Мөлдір Есенбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.