Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шабуылдаушыларға Президент сөз сөйлегенге дейін оқ атылды – Берік Асылов

0 322

Бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте қауіпсіздік күштері алғаш рет 2022 жылғы 5 қаңтарда сағат 16:00 шамасында Президент резиденциясын қорғау кезінде жауынгерлік қаруды қолданғанын мәлімдеді.

Берік Асылов 2022 жылдың 5 қаңтарында 8 өңірдің әкімдіктері бір уақытта шабуылға ұшырағанын атап өтті.

Оның айтуынша, 5 қаңтарға қараған түні шабуылдаушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына басып кірген, ал бір сағаттан кейін Шымкент әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасалды. Сол күні сағат 15-те қылмыскерлер Атырау мен Қызылорда қалаларындағы облыстық әкімдіктердің ғимараттарына шабуыл жасай бастады. Дәл сол уақытта Алматыда шабуылшылар әкімдікті өртеп, Президент резиденциясының ғимаратына ауысты.

– «Анна», «Қорған» және «Алпамыс» аңшылық дүкендері тоналды, содан кейін қылмыскерлер автокөліктермен алаңға қару кіргізіп, оны митингке қатысқандарға тарата бастады. Мұнда назар аударатын маңызды нәрсе – елдің қауіпсіздік қызметкерлері жауынгерлік қаруды 5 қаңтарда сағат 16:00-де Президент резиденциясын қорғау кезінде қолданды. Бұдан әрі қауіпсіздік күштері қаруды полиция ғимараттарына, әкімдіктерге, басқа объектілерге, яғни тәртіпсіздіктер зорлық-зомбылық кезеңіне өткен кезде шабуылдарды тойтару кезінде қолданды. Яғни, шабуылдаушыларға Президенттің сөзінен бұрын оқ атылған», – деп нақтылады Берік Асылов.

Бас прокурор адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде шабуылды тойтару үшін жауынгерлік қаруды қолдануға мүмкіндік беретін құқық қорғау қызметі, Ұлттық ұлан, терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңның тікелей нормалары бар екенін қоса айтты.

«Дәл осындай қауіпті жағдай 5 қаңтарда түстен кейін пайда болып, жағдай оқшауланғанға дейін сақталды», деді Берік Асылов.

egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.