Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шағын кәсіпкерліктің шаруасы ширауда

0 431

Тараз қаласында шағын және орта кәсіпкерлік дамуының көрсеткіштерінде айтарлықтай өсім байқалады. Атап айтқанда:
1) 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында статистика басқармасының есебі бойынша Тараз қаласында тіркелген кәсіпорындардың жалпы саны – 42 736 (2022 жылы – 33 897) 125,8 пайыз, оның ішінде шағын – 6 998 бірлік және орта – 32, жеке кәсіпкерлер – 35 938, шаруа қожалықтары – 768. Нақты жұмыс жасайтындар саны – 37 491(2022 жылы – 26 425) 139,2 пайыз, шағын – 5 267, орта – 32, жеке кәсіпкерлер – 31 460, шаруа қожалы-ғы – 732 бірлік.
2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелгендер саны 8 752 бірлікке, нақты жұмыс жасайтындар 10 379 бірлікке өскендігі байқалады.
2) Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 66 713 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,0 пайызды құрады.
3) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 429 млрд 742,0 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 118,9 пайызды құрады.
Жеке кәсіпкерлік қызметін кеңейтуге, өз ісін ашуға ниет білдіруші азаматтарға шағын несие берумен «KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйым» ЖШС қорының Тараз филиалы айналысады, олар жылына 23-26% 2 айдан 5 жылға дейін несие береді. 2023 жылғы қаңтар-cәуір айларында 2 млрд 280 млн 055,0 мың теңгеге 1 951 несие берді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимарат, құрылым, өндірістік жай, пәтерді өндірістік қызметтерге, жертөлелерді қайта жобалау жөніндегі жеңілдіктер жалғасуда. 2023 жылы қаңтар-сәуір айларында 0,0226 шаршы метр алаңда 3 пәтерді дүкен және 1 пәтерді кеңсе, 1 пәтерді кафе ретінде қайта құрып, жапсарлас құрылысқа рұқсат берілді.
Жеке және заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (жалға) және жекеменшік құқығына кәсіпкерлік үшін жер учаскесін беру туралы 2023 жылы қаңтар-наурыз айында 202 қаулы қабылданып, ұзартылған көлемі 23,96 га құрайтын 202 жер телімі берілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен Тараз қаласы бойынша барлығы 458 жоба 11 млрд 387,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде:
1. Пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігімен: 260 жоба 7 млрд 232,7 млн теңгеге;
2. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша: 4 млрд 154,3 млн теңге кредит соммасының 2 млрд 414,8 млн теңге көлемінде 198 жоба кепілдендірілді;
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 1 жоба 700,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

Айдын Алтай,
Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп
және туризм бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.