Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұшақ бортында темекі шеккен жолаушы айыппұл арқалады

0 607

Ағымдағы жылғы 8 қаңтарда Атырау-Тараз бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін, Тараз қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесі қызметкерлеріне «Scat» әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша жолаушы берілді. Өтініш берушінің айтуынша, жолаушы әуе кемесінің бортында электронды темекі шеккен.
Көлік полицейлері тексеру кезінде ҚР кәмілет жасына толмаған 15 жасар М. есімді азаматша анықтады. Заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-баптың 1-бөлігі (Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдердің кәмілетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (36920 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.