Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһарда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

0 552

Бүгінде Тараз қаласын көркейтіп, инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар ілкімді іс қолға алынуда. Қазір шаһардың қай түкпіріне барсаңыз да, жол құрылысын көзіңіз шалады.

Әсіресе соңғы бірер жылдың бедерінде шалғай алқаптардың тұрғындары тақтайдай тегіс жолдың игілігін сезінуде. Бұл іске алқап тұрғындары да дән риза.
Айталық, Тараз қаласында биыл 140 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді деп көзделуде. Ал былтыр шаһарда 87,5 шақырым жол жаңғыртылған.
Нақтырақ айтқанда, 67,8 шақырымды құрайтын 40 жобаны (оның ішінде 117 көше, бұрылыс, тұйық, өткел), одан бөлек, ұзындығы 20,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолын және ұзындығы 73,8 шақырым болатын шағал жолды (оның ішінде 165 көше, бұрылыс, тұйық, өткелдер) жөндеу жоспарланған.
Бұдан бөлек, ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын 3 көшені қайта жаңғырту көзделуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемін де үш есеге дейін арттыру жоспарда бар.

Лаула Сейділда

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.