Күні кеше Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы мен қалалық №1, №2, №3 Пробация қызметі бөлімі бірлесе есепте тұрған жасөспірімдер арасында «Қылмыспен күрес» атты кіші футболдан турнир өткізді.
Жасөспірімдер арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жарысқа 30 ға жуық жасөспірім мен 10-ға жуық ерікті жастар қатысты.
Шара соңында жарыс жеңімпаздары Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.