Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұшқыш ұшаққа отырып үлгермеген жолаушы үшін әуежайға кері қайтқан

0 96

TUI әуе компаниясының ұшқышы қызының паспортын жоғалтып, әуежайда бөгелген туристті алып кету үшін ұшақты кері қайтарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Express басылымына сілтеме жасап. 

38 жастағы Адриан Инсли отбасымен бірге Тенерифе аралында демалған. Демалысы аяқталған соң Манчестерге қайту үшін олаар әуежай келген. Алайда ұшаққа отырғызу басталып, бортта кірген соң ғана 7 жасар қызының паспортын әуежайда қалдырып кеткенін білген.

Ер адам құжаттарды алу үшін кері қайтқан, ал отбасы отырған ұшақ ұшу жолағына шығып кеткен.

Әуежай қызметкерлері ер адамға бортқа отыра алмайтынын, басқа рейске билет алу керегін түсіндірген. Алайда ұшақ Адрианды алып кету үшін әуежайға қайта қонған.

«Балалар әкелерінің бірге бармайтынын білген соң жылай бастады. Бортсеріктер капитанмен сөйлесу үшін кеткен. Кейін стюард Адрианға қоңырау шалып, ұшақ алып кетуі үшін қақпаға жақындауын сұрады. Біз таңқалдық, себебі осы уақытқа дейін ұшақтың бір адамды алып кетуі үшін кері қайтқанын алғаш рет көрдік», – деді Адрианның анасы Шэрон Инсли.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.