Қалалық қоғамдық-саяси газет

ШҚО-дағы полицей өлімі: әріптесі күдікке ілінді

0 188

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция инспекторы қызмет кезінде қала сыртында қаза тапқан. Күдікті ретінде оның жанында болған әріптесі уақытша қамау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шығыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктінің жасы 36-да. Қазір әлеуметтік желіде трагедияның видеосы таралып жатыр.

Дереккөзіне сүйенсек, полиция қызметкерлері бір көлікте келе жатқан. Күдікті азамат жанындағы серіктесі «көліктен құлап қалғанын байқамай, трассадан сүйреп өткенін» айтқан. Бірақ, дәл жанында отырған адамның сүйретіліп, көліктен құлап түскенін қалай байқамағаны әзірге жұмбақ.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтауда полиция қызметкері қызметтік көлікпен жол апатына ұшырап, соның салдарынан бес адам жараланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.