Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Шөлдала» алқабына жаңа көпір салынады

0 398

«Шөлдала» алқабында бірнеше күннен бері талқыланып, ел аузына ілінген көпір мәселесі өз шешімін тапты. Халықтың арыз-талабына құлақ түрген шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев алқапқа көпір салып беретін болды.

«Шөлдала» алқабында канал үстінде 2 көпірдің барына қарамастан, халық құбыр үстімен өтуді жалғастыруда.
Осы аумақтағы 2 көпір стандартқа сай қойылған. Алайда тұрғындардың сұранысы ескеріле келе, құбыр жанынан тағы бір көпір салынатын болады.
Өткен жылы қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың қоғамдық қабылдауында аймақ тұрғындары бұрыннан бар тағы бір ескі көпір өтуге қауіпті болғандықтан, жақтау орнатып беруді сұраған болатын. Ол бойынша 2021 жылдың күзінде демеушілер есебінен көпір қоршауға алынды. Алдағы уақытта бұл көпір де жөндеуден өтетін болады.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.