Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Үш «Алтын белгіден» үміттіміз

0 158

Нұрбол ӘБДІҚАЛЫҚ,
№56 орта мектеп директоры

Биылғы оқу жылында мектебіміздің оқушылары былтырғы оқу жылымен салсытырғанда белсенділігінің артқандығын мектепішілік спорттық, шығармашылық, пәндер бойынша мониторинг қорытындысы арқылы білуге болады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орын иеленгендер саны – 12. Олар: Аяулым Мейрамбек – 11 «Ә» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі –А. Дүйсенбаева; Дина Сұлтан – 10 «А» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – С. Алимбекова; Ұлдана Тұрсынбек – 9 «Ә» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – Г.Омарова, Іңкәр Сүлеева – 9 «А» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – Қ.Искаков, Қарақат Жұмабек – 5 «Ә» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – Н.Бесбаева, Зере Тоқтасын – 6 «Ә» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – А.Қожабергенова, Ұлжан Бақтыбек – 7 «Б» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – М.Қырықбаева, Әсемай Ұлан – 7 «Б» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – А.Қожабергенова, Нұржан Аралбай – 8 «А» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі Т.Аманбаев, Інжу Қанатқызы – 8 «Ә» сынып оқушысы – ІІІ орын, жетекшісі – Қ.Искаков, Айдәулет Сәлімбек – 8 «А» сынып оқушысы – ІІ орын, жетекшісі – А.Ибайдаева, Нұрислам Ертай – 6 «Ә» сынып оқушысы – III орын, жетекшісі – А.Қуандық.
Қазақстан тарихы пәнінен 5-9 сынып оқушылары республикалық «Тарих ата» олимпиадасына 120 оқушы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл – оқушылар үшін үлкен жетістік. 2 «Ә» сынып оқушысы Аяулым Келдібек менталды арифметикадан Шымкент қаласында өткен «Дарынды балалар-2025» қалалық олимпиадасының жазбаша форматының І орын иегері, жетекшісі – Ж.Садықова.
Кигбоксингтен Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының І орын кубок иегері, 11 «Ә» сынып оқушысы Медина Төленді, мектепте он бір жыл үздік оқыған егіз қыздар – 11 «Ә» сынып оқушылары – Аяулым мен Аяжан Мейрамбек – мектепті «Алтын белгіге» бітіруге үміткер. Соңғы сынақ бойынша ҰБТ-дан Аяулым –120 бал, Аяжан 124 бал жинады.
Мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ-да жоғарғы балды алуына мектеп ұжымы атынан сәттілік тілейміз. Ағымдағы оқу жылында Мединада – алтын медаль, Аяжан мен Аяулымда – «Алтын белгі». Сонымен, биыл бізде – үш алтын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.