Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сеулде қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге ертең жеткізіледі

0 266

Бұл туралы марқұмның туыстары айтты деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы Мәдина Шерниязова Сеулде магистратурада білім алып жатқан. Анасының айтуынша, Мәдина өте талапты, алғыр қыз болған. 8 сыныптан бастап кәріс тілін өз бетінше оқып үйреніп, мектеп бітірген соң Қазан Федералды университетінің «Шығыстану» мамандығын (кәріс тілі) алып шыққан.

Отбасында екі қыздың кенжесі. Ұстаздары да Мәдинаның өте алғыр, жақсы оқушы болатын деп еске алды.

«Мәдина – біздің мақтаулы оқушыларымыздың бірі. 2013 жылы мектеп-лицейді 4 пен 5 деген бағаларға аяқтады. Кореяда оқып жатқанын білетінбіз. Кеше естігенде, төбемізден жай түскендей болды. Өте өкінішті! Ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз»,- деді Ақтөбедегі 27 мектеп-лицей директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева.

Айта кету керек, бүгінгі таңда қаза тапқандар саны 154 адамға жетті, оның 26-сы шетелдіктер. Шетелдік 26 қаза тапқандардың ішінде 5-еуі Ираннан, төртеуі Қытай мен Ресейден, екеуі АҚШ-тан, екеуі Жапониядан және Франция, Австралия, Норвегия, Австрия, Вьетнам, Таиланд, Қазақстан, Өзбекстан және Шри-Ланка азаматтары.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандар саны бұдан да артуы мүмкін, себебі тағы 33 адам ауыр халде. Одан бөлек 116 адам жеңіл жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебін анықтау үшін үкіметтік тексеру жүргізілуде. Президент Юн Сок Ёл жексенбіде басталған бір апталық ұлттық аза тұту жариялады.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға сенбі күні кешке Хэллоуинді тойлағанардың үлкен тобы Сеулдегі Итаевон ойын-сауық ауданындағы ені 3,2 метрлік тар аллеямен өткен кезде болған. Тар жерде кейбіреулері құлап, басқалары олардың үстіне шалынып, домино секілді құлай берген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.