Қалалық қоғамдық-саяси газет

Серік Жұманғарин вице-премьер – Сауда министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

0 177

Серік Жұманғарин Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды деп хабарлады   turkystan.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын», – деп жазылған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь революциясы орденді энергетикалық институтын «Жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2005 – 2006 жылдары – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006 – 2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007 – 2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Аталған агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008 – 2010 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2010 – 2011 жылдары – «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012 – 2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013 – 2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму вице-министрі.

2014 – 2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары – Б әсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).

2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.