Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әсерге толы әдеби круиз

0 121

Облыстық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі мың жылдық тарихы бар шаһардың тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар беру, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында қаладағы қоғамдық орындар мен саябақтарда, қоғамдық көліктерде «Тараз туралы 9 сұрақ» атты әдеби круиз өтуде.

Шаһардың өткені мен бүгіні, тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар мен жергілікті ақындар Күләш Ахметованың «Жұлдызым Жібек жолы бойындағы», Қайырбек Асановтың «Рухы биік қалам», Абдірахман Асылбектің «Тараз», Шырын Мамасерікованың «Көне Тараз», Рафаэль Ниязбековтің «Жаңа Тараз жыры», Баймахан Ахметтің «Тараз», Ғайни Әлімбекқызының «Таразым», Жұлдыз Бейсектің «Таразым» атты қала туралы өлеңдері қоғамдық көліктерде аудиожазба арқылы қойылып, жолаушыларға тыңдатылды.

Сонымен қатар танымал тұлғалардың сүйікті қаламыз туралы дәйек сөздері де автобустарда орналастырылып, жолаушыларға таратылды.

Кітапхана қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына қала атауының неше рет өзгергендігі, мәдени ескерткіштер мен саябақтар, шаһар аумағы, халық саны, көше саны, т.б сұрақтар жасырылған «Тараз туралы 9 сұрақ» атты викториналық ойын ойнатуда. Бұдан бөлек, сүйікті қаламыз туралы көптеген мәліметтер беретін «Тараз мұралары», Серік Сейдазимовтің «Тарихымен табысқан Тараз», Мақұлбек Рысдәулеттің «Жамбылым қандай тамаша» кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, жолаушылар назарына ұсынылды.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.