Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әсерге толы әдеби кеш

0 134

Жуырда Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай қаламгердің әдеби-мемориалды музей-үйінде «Қазақтың заңғар жазушысы – Шерхан Мұртаза» атты әдеби-портреттік кеш өтті.

Заңғар тұлғаның болмысын ашып, оның жақындарымен сұхбат жүргізу, өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, насихаттауды мақсат тұтқан шараға қаламгердің ағайын келіні Сара Мадимарова, немересі Рамазан Шонгаров, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев, бөлім меңгерушісі Назым Қожамарова және зағип және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатының шәкірттері қатысты.

Кеш шымылдығы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Актерлік өнер» бөлімі «Ак-20» тобының орындауындағы шағын композициялық қойылыммен түрілді. Келесі кезекте « Болашақ » мектеп – ин тернатының оқушылары Шер-ағаға арнаған жүрекжарды жырларын паш етсе, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкері Гүлнұр Құрақбаева «Соғыстың соңғы жесірі» атты туындыдан үзінді оқыды. Бұдан кейін облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының зағип оқырмандарға абонементтік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Алия Сағымбаева жазушының кітаптарына шолу жасады.

Шараны қорытындылаған кітапхана директоры Жанна Алшынбаева ізгі лебізін жолдап, балаларға ыстық ықыласын жеткізді.

Гүлзада ҚЫРЫҚБАЕВА, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.