Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сербияда оқ-дәрі шығару зауытында жарылыс болды

0 371

Сербияда Белградтан 15 шақырым жерде орналасқан оқ-дәрі шығару зауытында жарылыс болды. Кем дегенде екі адам қаза тапқан. Тағы 16 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарылыс 14:00 шамасында бұршаққа қарсы зымыран өндіру зауытының дайын өнімдері сақталатын қоймасында болған. Жарылыс жаңғырығы Белградқа дейін естілген. Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу және құтқару қызметтерінің жұмысы жалғасуда.

Жарылыс кезінде зауытта жүзден аса жұмысшы болған. Ал қоймада сақталған зымырандар саны бес жүзге таяу. Оқиға орнына он өрт сөндіру көлігі мен он шақты құтқарушы жіберілген.

Полицейлер зауыт маңын қоршауға алған. Тұрақта тұрған бірнеше көлік жанып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.