Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сенбіліктен спорт саласының мамандары да шет қалмады

0 606

Биылғы қыс тараздықтарға оңай соқпады. Апталап қайтпаған аяз қардың еруін баяулатып коммуналдық сала мамандарының жұмысын қиындата түсті. Осыған орай бүгін Тараз қаласы әкімдігі шаһар көлемде жалпы қалалық сенбілікке шақырған болатын. Игі бастамаға спорт саласының мамандары үн қосып, өздерінің ғимараттарының алдын қардан толықтай тазартты.
«Тараз-Арена» спорт кешенінің мамандары таңсәріден қолдарына күрек алып, аулаларын қардан тазалауға кіріскенін көріп дән риза болдық. Жұдырықша жұмылған ұжымның ұйымшылдығы сөзсіз сүйсіндірді.
– Жалпы қалалық сенбілік болғаннан кейін бастамадан шет қалмай, біз де өз үнімізді қосудамыз. Әріптестеріммен бірге кешеннің айналасын қардан тазартып, ұжымдық бірлігімізді көрсетудеміз. Бір жағынан бұл денені де шынықтыратын дүние. Сондықтан барлық қызметкерлер сенбілікке шығуға бірауыздан келісті.
Тараз қаласы әкімдігі өте дұрыс бастаманы көтеріп отыр. Осындай сенбіліктен қала тұрғындарын шет қалмауға шақырамын, – дейді «Тараз-Арена» спорт кешенінің бөлім басшысы Досмағұл Тереков.
Иә, спорт саласы мамандарының ұжымдық үндестігі өзгелер де үлгі-өнеге болады сенеміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.