Бұл шұғыл ақпарат туралы Абай облысы әкімдігінің ресми Telegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Семей қаласында 2022 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (-34℃) I ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.
Сондай-ақ аталмш өңірдегі бірнеше аудандағы оқушылар да қашықтан оқуға көшкені белгілі болды.
Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз аудандарында және Курчатов қаласында сабақ қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда — штаттық режимде.— делінген ресми хабарламада.