Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әсел Сәдуақасова: Әкемнің екінші әйелінен екі ұлы, бір қызы бар

0 642

Актриса, әнші Әсел Сәдуақасова әкесінің отбасымен жақсы араласатынын айтты. Әкесінің екінші әйелінен туған екі інісімен, сіңлісімен жақсы қатынаста. 30 жылдан соң әкесін тапқан актриса оның отбасы жайлы баяндап берді,-«Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы актриса Александра Әлимен сұхбаты барысында айтты.

Әсел Сәдуақасова қазір Мәскеуде тұрып жатыр. Актриса Қазақстаннан шетелге кеткенін мәлімдеген еді. Енді оның Мәскеу қаласында екені белгілі болды. Онда қанша уақыт аялдайтыны белгісіз. Актриса әкесімен таныстығы, арақатынасы жайлы баяндады.

“Карантин уақытында әкеммен кездескім келді. Астанаға өзім бардым. Әкем астанада тұрады. Әкемнің туыстары да, анамның туыстары да астанада. Әкемнің екінші отабсында екі ұл, бір қыз бар. Екі ініммен, сіңліммен таныстым. Бәрі көңілді, жақсы қарсы алды. Әзілге жақын. Мінездері мен секілді. Жақсы тіл табыстық. Әкеммен танысқаныма қуанамын. Мен әкемді соңғы рет 5-6 жасымда көргенмін. Анам екеуі ажырасып кетті. Содан кейін арада 30 жыл өтті. Мен ешкімді кінәламаймын. Бәріне жақсы көзқараспен қараймын. Небір жағдайлар болады. Оның бәріне түсіністікпен қарау керек. Тағдыр деп қарау керек”, – деді актирса.

«Қалағанымды жеймін»: Әсел Сәдуақасова қалай 9 келіге арықтағанын айтты
«Тозаққа түстім»: Әсел Сәдуақасова 1 сағат бойы шегенің үстінде тұрды
Ал өзі тұрмысқа шығуға асығар емес. Қазіргі жастар арасында жауапкершілік аз, сол себепті ажырасу жиілеп кетті деп санайды.

“Бізде бір ай тұрмай ажырасатын жастар бар. Оларға той, қыдырыс, лимузин дегендер қызық секілді. Қызығы басылып, бәрі біткен соң шаршай бастайды. Бірге болғысы келмейді. Жауапкершілік жоқ. Ажырасу көп. Әйтеуір тұрмысқа шығу керек болған соң шығатын қыздар да бар. Уақыт келді, тұрмыс құру керек деп ойлайды. Егер адамыңды кездестірсең, сенің адамың екенін, бірге тұра алатыныңды түсінсең, әрине, оған тұрмысқа шығу керек. Бірақ басқа себеппен емес”, – деді Сәдуақасова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.