Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

0 202

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевпен бекітілген «2024 жылдың 23 ақпанында Жамбыл облысы аумағында жалпыоблыстық сейсмикалық жаттығу өткізу жоспарын» іске асыру мақсатында Тараз қаласында жалпысейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Аталған оқу-жаттығуды халық арасында дүрбелеңге жол бермеу үшін өткізілетін сейсмикалық жаттығулар туралы ақпарат алдын ала әлеуметтік желілерде, баспа басылымдарында және телерадиоарналарда жарияланып, ескертілді.
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында сағат 11:00-де «Баршаның назарына» құлақтандыру сигналы іске қосылғаннан кейін қалалық білім беру, денсаулық сақтау және шаруашылық мекемелердің ғимараттарында Тараз қалсы ТЖ басқармасының бастығы және жеке құрамының қатысуымен, сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлерде және басқа да ұйымдарда сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Сейсмикалық жаттығу өткізілу барысында жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, эвакуациялауды ұйымдастыру, дабыл чемоданын жинақтау және т. б. сұрақтар пысықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Данияр Келіс,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.