Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында және Наурызнама онкүндігінде көзделген Тазару күніне орай бірқатар саябақ пен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Айталық, облыстық жастар ресурстық орталығынан және «Жасыл ел» еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, «Денсаулық» саябағындағы арық-атыздар мен жолдарды күл-қоқыстардан тазалады.
Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың шаршы метр гүлзар мен 5,7 мың шаршы метр көгал егу, 803,8 шақырым арық жүйесі мен каналды тазалау, 2 781 шақырым көше, 668 140 шаршы метр саябақ пен скверлердің аумақтарын тазалау, 5 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда.