Қалалық қоғамдық-саяси газет

Саябаққа 43 түп арша ағашы отырғызылды

0 75

Дана қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген тағылымы мол сөз бар. Әрине, ауыл ажарын ашатын жасыл желек оттегімен де қамтамасыз ететіні белгілі. Бір ғана Шайқорық ауылының тұрғындары елді мекенді көгеріштендіру жолында ауыз толтырып айтатындай игі істер атқарып жүр.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Рамазан Мұзафаровтың бастамасымен Р.Момбаев көшесінің бойындағы орталық саябаққа 43 түп арша ағашы отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ауыл азаматтарының айтуынша, орталық саябақты түрлендіру үшін іргелі жобалар қолға алынған. Бұл жұмыстардың ілгерілеуіне қалталы азаматтар мен жомарт жандар да үлес қосуға ниетті. Ауылдың ауызбіршілігі мен ұйымшылдығына қарап, «Ауылына қарап, азаматын таны» деген тәмсіл еріксіз ойға оралады.

Дайындаған Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.