Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда өткен жылы 3 ауыл әкімін жергілікті тұрғындар сайлады

0 528

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес жиыны өтті.

Кеңейтілген отырысқа облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы арнайы қатысты. Сондай-ақ, аудан активі мен жергілікті қоғамдастық жиын төрағалары, этно-мәдени бірлестік жетекшілері және ардагерлер ұйымының мүшелері жиыннан табылды.

Жиынды жүргізген аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы ел Президентінің бастамасымен сайлау жүйесі реформаланғанын айтып, осы ретте аудан халқының сайлауға қатысу деңгей жоғары екендігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жыл ішінде атқарған жұмысы туралы төраға Шортанбаев Дәулетберді Амангелдіұлы есеп берді.

Айта кетейік, өткен жылы жаңа үрдіспен ауданымызда 3 ауылдық округ әкімі сайланды.

Жалпы аудан көлемінде барлығы 25 сайлау учаскесі орналасқан. Оның 24-і мемлекеттік мекемелерде, 1-і жеке меншік ғимаратта.
Ауданда 24 416 сайлаушы бар. Оның 10 987-і ерлер (45%) болса, 13 428-і әйелдер (55%).
Сайлаушылардың тізімін өзектендіру тұрақты жүргізілуде. Тоқсан сайын АХАЖ және полиция бөлімінің көші-қон қызметімен бірігіп, тізім жаңартылуда.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.