Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

0 649

Бүгін, 1 наурыз – «Алғыс айту күні» меркесіне орай, аудан әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен әлеуметтік маңызы бар іс-шараға аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, жергікті тұрғындармен және жұмыс берушілермен кездесті.

Марат Қырғызәліұлы тұрғындармен кездесу барысында «өз ісін жетік меңгермен маманға қашан да сұраныс жоғары» екендігін айта келіп, аудан аумағында, әсіресе жастар арасында бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру қажеттігін алға тарты.

Айта кетейік, жәрмеңкеде жоғарғы квалификациялық мектеп мұғалімдері мен медицина мамандарынан бастап, тек орта білімді қажет ететін немесе белгілі бір сала бойынша біліктілік курсын тәмәмдаған азаматтарға жалпы саны 129 бос вакансия қарастырылды. Айлық жалақылары – 60 000 мен 150 000 теңге аралығында.

Өткен жылы ауданда 813 жаңа жұмыс орны ашылса, аталған орталық арқылы жыл басынан бері 147 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.