Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда баға тұрақтылығы бақылауда

0 754

Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев аймақтағы сауда орындары мен дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шектен тыс қымбаттамауын жеке өз бақылауына алды.

Аудан басшысы әуелі Жаңатас қаласында орналасқан көтерме саудамен айналысатын азық-түлік дүкендеріне бас сұғып, халық көп тұтынатын тауарлардың баға тарифімен танысты.

Сондай-ақ, өткен аптада Марат Қырғызәліұлы Байқадам, Жайылма, Игілік, Тоғызкент және Жаңаталап ауылдық округтеріне жасаған жұмыс сапары барысында, жергілікті азық-түлік дүкендеріне кірді. Ондағы әлеуметтік маңызы бар: нан, сүт, ұн, күріш, картоп, күнбағыс майы және тағы басқа тауарлардың бағасын шектік межемен салыстырды.

Жалпы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және тұрақтандыру бойынша қала мен ауылдық округтерде 12 мониторингтік топ құрылды.

Бүгін сол құрылыған топтың қалыптасқан бағаға жасаған мониторинг қорытындысы негізінде, аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтің төрағалығымен, ірі кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу жиын өтті.

Берері мол басқосуда аудан әкімі дәріхана мен жеке дүкен иелерін қарапайым халыққа мейлінше қарайласуға үндеді.Сауда қызметін реттеу туралы арнайы Заңда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар тауардың үстемақысын 15 пайыздан асырмау қажеттігін түсіндірді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.