Қалалық қоғамдық-саяси газет

🐎 САРЫСУДА АТ СПОРТЫ ДАМУДА

0 416

🐎 Ауданымызда спорт түрлерін дамыту жолға қойылған.

Соның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуды тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қолдап, өзі бастап әр апта сайын өткізуде.

– Бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі, ұлттық ойын – ат жарыс екендігі белгілі.

Шынын айту керек, соңғы жылдары елімізге енген жаңа технология мен жаһандану үрдісінің салдарынан ұлттық болмысымыз ұмытыла жаздағандай күй кеше бастағанбыз,-дейді аудан басшысы.

Ұмыт бола бастаған бұл ойынды жан-жақты зерделей отырып, аудан әкімі ойластыра келе апта сайын ұйымдастыруды қолға алды.

Шындығында ат үстінде тұрып адырна тартып, жамбы ату, құйғытып келіп теңге ілу, қарсыласын қара күшке салып ат үстінен аударып тастау, мергендік сынға түсетін сақамен асық ату, балуандар белдесуінің бізге жаттығы жоқ.

Бабаларымыздан қалған асыл қазынаны дамытуға тиісті деңгейде көңіл бөлінгені дұрыс.

Сайып келгенде, ат спортын дамыту, жандандыру болашақ ұрпақ үшін де қажет.

Өйткені, онда жастарды ел мен жердің, ұлтымыздың бай тарихын, ұлттық салт-дәстүрімізді қадірлеуге баулитын тәрбиелік мән бар.

Дариха Пазылбекқызы Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.