Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда ахуал тұрақты

0 573

Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков жетекшілік ететін жұмыс тобы Сарысу ауданына келіп, жергілікті халықпен кездесті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған жұмыс тобының негізігі мақсаты – «қаңтар оқиғаларынан» кейін өңірде қалыптасқан ахуалға байланысты жергілкті тұрғындармен кездесу өткізу. Бейбіт шеруге шыққан аудан тұрғындарның ұсыныс-пікірлерін тыңдау, тиісінше түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Міне, дәл осы мақсат-міндеттер бойынша аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға, аудан активі мен этно-мәдени бірлестік және зиялы қауым өкілдері, білім беру саласының мамандары, сондай-ақ, қоғам белсенділері қатысты.

Махметғали Нұрғалиұлы жергілікті тұрғындармен емен-жарқын сұхбат құрды. Соңғы орын алған саяси жағдайға байланысты ел арасында «алып-қашпа» әңгімелердің көп екендігін айта келіп, қолда бар рәсми мәліметтерді санмен сөйлетті. Осы ретте мәслихат хатшысы жергілікті тұрғындарға шындыққа еш жанаспайтын қауесеттерге сенбей, арандатушылардың әрекетіне ермеуді сұрады.

– Күні кеше облыс аумағында Төтенше жағдай режимі толықтай алынды. Алайда арқаны кеңге салып, босаңсуға болмайды. Қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі де сақталады. Жалпы жаппай тәртіпсіздік кезінде дәрігерлік көмекке жүгінгендердің дені жастар. Біз бұл оқиғадан сабақ алып, орын алған олқылықтар бойынша бірлескен жұмыс атқаруымыз қажет, – деді Махметғали Нұрғалиұлы.

Жиынды жүргізген аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «қаңтар оқиғаларында» Сарысуда жаппай бұзақылық пен басбұзарлық дерегі тіркелмегендігін айтты. Бейбіт шеруге шыққан азаматтардың ұсыныс-пікірін зерделеу жұмыстары бойынша 23 адамнан тұратын арнайы комиссия құрылғандығын да жеткізді.

Келелі кездесуде аудандық ардагерлер кеңесі төрғасының орынбасары Шынайдар Ералиев, облыстық мәслихаттың депутаты Шыңғыс Абдрахманов, «Аманат Сарысу – 2050» қоғамдық қорның жетекшісі Самат Жанқожаев және бірқатар қоғам белсенділері өз сауалдарына жауап алды.

Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.