Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сапалы аяқ киімдер Таразда тігіледі

0 992

Облыс орталығында жеңіл өнеркәсіп саласы да кеңінен дамуда. Бұған «Еllin shoes» ЖШС-не бас сұққанда көзіміз жетті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Табиғи былғарыдан және теріден жасалған ерлер модельдік аяқ киім өндірісін жолға қойған кәсіпорынның жалпы ауданы 450 шаршы метрді алып жатыр. Осында еңбек ететін 10 қызметкердің күшімен жылына 50 мың жұп аяқ тігілетін көрінеді.

Кәсіпорын иесі Юлия Починоктың айтуынша, 2016 жылы жұмысын бастаған өндіріс орнының аяқ киімдеріне сұраныс жылдан жылға артуда. Соған орай өнім көлемін арттырып, кәсіпорынды кеңейту жоспарланып отыр екен. Кәсіпорынның құрылтайшысы – Периклис Скумприс. Қазіргі таңда кәсіпорын тауарлары «Kimex», «Grand Bazar» сауда үйлерінде сатылуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.