Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сан сауалға нақты жауап берілді

0 40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатындағы негізгі түйін – қазақ елі қашан да озық ойлы ұлт ретінде бәсекелесе алған және болашақта да бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет ретінде танылуы керектігін баса айтуы. Өткен жылдың еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болғандығын айта келіп,қазіргі таңда әділ және бәсекелі экономика жүйесін құру, экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары, әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастағанын да атап өтті.

Бізге ұстаз ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «Жайлы мектептердің» ауылдарда салынып, білім көгжиегіне басымдық берілгені, мектепте, колледжде және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің мәтебебесінкөтере отырып, жалақысының өскендігі, ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енгендігі, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісін, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайын талқылайтын тиімді пікірталас орнына айналғандығы, келешектеде бұл мәселелер төңірегінде жаңашыл бастамалардың іске асатындығы жайлы толымды жұмыстар атқарылатындығы жайлы толыққанды мағлұмат ала алдық.
Президенттің: «Мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ олар білімді-білікті ғана емес, сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті және арлы адам болуы шарт. Қарамағымда қызмет істейтін азаматтардың маған емес, Әділетті Қазақстанды құру идеясына адалдығы әлдеқайда маңызды. Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс», – деген ойтолғамы мен қағидаты да жаңаруға тың серпін берері анық. Бұл ретте болашақ үшін жасалатын игі бастамалардың нәтижелі жүзеге асуына М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті профессор-оқытушылары мен студенттері үздіксіз атсалысып, тың ойларын жаңашылдықпен ұластыратыны сөзсіз.
Сондай-ақ Президенттің өз ойын «Қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгертіп жатыр. Жаңа технологиялар, мамандықтар мен салалар пайда болуда. Жұмысты ұйымдастырудың және басқарудың әдіс-тәсілдері қайта қаралуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі. Ойы ұшқыр жастарымыз болашақты бағамдай алады әрі дәйекті дамуға ұмтылады», – деген тұшымды тұжырыммен нақыштауы жас ұрпақтың үлкен сенім арта отырып, олардың парасат-пайымдарының биіктігі мен жаңа идеяларының болашақ үшін өлшеусіз екендігінің айғағы екендігін айқындап берді.
Сонымен қатар қазақтың төл мерекесі – әз-Наурызды жаңару мен жаңғырудың символы ретінде мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өту керектігін, сол арқылы ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайтуға ықпал етуге шақырды. Президенттің қоғамды толғандыратын мәселелерді қозғап, тұшымды ойларымен бөлісуі, шындығында, әр тұлға үшін өте маңызды қадам болмақ.

Айсұлу ТҰРАРОВА,
М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.