Қалалық қоғамдық-саяси газет

Салық түсімі 3,2 миллиард теңгеге артқан

0 1  591

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталуда. Мысалы, өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, ауылшаруашылық саласы, негізгі капиталға салынған инвестиция, бөлшек сауда тауар айналымы, құрылыс, тұрғын үй салаларында айтарлықтай өсім байқалады. Биыл қалаға бөлінген бюджет көлемі 80,7 миллиард теңгені құраған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, қаланың қосымша кіріс көздерін қарастыру жұмыстары жолға қойылыпты. Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыру бойынша қаланың өзіндік кірістеріне талдау жасау мәселесі де шетте қалмады. Мәселен, камералдық бақылау, салықтық әкімшілендіру, салық берешегін өндіру жұмыстарын күшейту арқылы қосымша түсімдерді қамтамасыз ету жайы қарасытырылған. Нәтижесінде өзіндік кірістер көлемінің жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгеге өсіп отыр. Бұдан бөлек, салықтық емес түсімдер 127 миллион теңгеге ұлғайған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.