Қалалық қоғамдық-саяси газет

Салық пен міндетті төлемдердің саны қысқарады

0 1  478

Елімізде салық пен міндетті төлемдердің саны 20 пайызға қысқартылмақ. Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер жайлы Қаржы вице-министрі баяндады. Ержан Біржановтың айтуынша, бізде қазір салықтың 12 түрі бар. Олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Десе де, саланы оңтайландыру үшін жаңа кодексте салық саны азайтылды. Мәселен, бірыңғай жер салығы табыс салығына көшірілмек. Әрі мемлекеттік БАЖ-дың 5 түрі алынып тасталады. Сондай-ақ міндетті төлемдер де азаяды. Яғни келер жылдан бастап ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін міндетті төлемдер болмайды.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

Тағы бір өзгешеліктердің бірі ол ҚҚС бойынша импорттаған тауарларды егер өндірістік процестерде пайдаланатын болса, оларға біз импорттық НДС-ті кеш төлеуге мүмкіндік береміз.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Конвергенттік журналистика Білім беру бағдарламасның 3 курс студенті Тотанбаева Анель

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.