Қалалық қоғамдық-саяси газет

Салтанат Бақаеваның жары: «Үйде ақшаны мен ұстаймын» (Видео)

0 383

Әнші, актриса Салтанат Бақаеваның жары, жеке кәсіпкер Нұржан Жүніс «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында негізгі кәсібі, Салтанатпен алғашқы таныстығы, қызғаныш сезімі, отбасылық өмірде болған түсініспеушіліктер, екеуінің дуэті, туралы айтты.

Жүргізуші Жұлдыз Абдукаримоваға Нұржан қандай кәсіппен айналысатынын айтып, үйде ақшаны өзі ұстайтынын жеткізді.

«Техниканы жөндейміз. Қазіргі заманда адамдар телефонсыз, ноутбуксіз өмір сүре алмайды. Сондықтан біз соны жөндейміз. Бұл кәсіпке 5 жыл болып қалды. 2017 жылы бастадым. Өйткені өзім кішкентай кезімнен жөндеуді жақсы көрген едім. Мүмкін, менің арманым шығар. Содан басталып кетті», – дейді ол.

Нұржанның айтуынша, жары Салтанатпен алғашқы таныстығы өз үйінде болған.

«Салтанатпен қызық болды. Біздің үйде таныстық. Менің әпкем театрда жұмыс істеген соң, бір күні Салтанатты түскі асқа шақырады. Сол түскі аста, біздің үйде танысқанбыз. Жарты жылдан кейін біз үйлендік», – дейді Нұржан.

Ол өнер адамының жары болудың қиындықтарын айтты.

«Еркек болғаннан кейін қызғаныш болған. Бірақ Салтанат телефон соғып тұрады, бәрін айтып тұрады. Бір-бірімізге өте қатты сенеміз. Содан соң Салтанатты қатты қызғанбаймын. Маған ұнайтын, ұнамайтын заттарды өзі біледі, соны жасамайды», – деді Нұржан.

Сондай-ақ, Нұржан отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында түсініспеушіліктер болғанын әңгімеледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.