Қалалық қоғамдық-саяси газет

Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары

0 160

Таяуда №2 қалалық емхананың мәжіліс залында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Тараз қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары, қалалық емханалардың с мамандары және жастар денсаулығы орталығының қызметкерлері қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген «Зер-Күміс» ЖШС директоры З.Арынбаева қазіргі уақытта жастар арасында са­лауатты өмір салтын ұстанатындар аз, көбісі сырттан тамақтанғанды, зиянды тағамдарды (фаст-фуд) жеуге әуестенгеніне алаңдаушылық білдірді. Сондықтан да мейлінше ата-аналар балаларының дұрыс тамақтануын жіті назарда ұстау керек екенін жеткізді.

Бұдан соң облыстық жастар денсаулық орталығының маманы Г.Қалдыбаева «Жан-нұр» жастар орталығында атқа­рылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мұнда балаларға, жастарға және олар­дың ата-аналарына жеке психология- лық-құқықтық көмек көрсету, оның ішінде жасырын қабылдау, балалар мен жастардың мінез-құлқының «қауіпті» формаларының алдын алу, анықтау және психологиялық түзету, жастар арасында ЖЖБИ, АИТВ/ЖИТС, нашақорлық және т.б алдын алу туралы ақпараттан­дыруды арттыру, рационалды тамақтану негіздері және т.б. көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ негізгі көтерген мәселеле- рі – мектеп оқушылары арасында сала­уатты өмір салтын қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ата-аналарға құлаққағыс ретінде түсін­дірме жұмыстарын жүргізе отырып, мектеп оқушыларының денсаулығын жіті назарға алу. Себебі қазіргі уақытта 18 жасқа толмай жүкті болып, есепке алынған жасөспірімдердің саны артқан. Сонымен қатар суицидтің алдын алу жөнінде де тілге тиек етті. Бұл бүгінде қыздарға қарағанда, жас жігіттердің ара­сында жиі орын алатын көрінеді. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері осы жоғарыда айтылып өткен тақырыптар бойынша оқушылармен жұмыс жасау қиын екенін жеткізді. Себебі кейбір ата-аналар балаларымен ашық түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қар­сылық тудыратынын айтып өтті.

Айта кетейік, Тараз қаласында 9 жастар денсаулық орталығы бар. Олар: «Жігер», «Жан-нұр», «Садыхан» ОКДМО, «Almaz Medical Group» ЖШС, «Жастар», «Мейірім» медициналық орталығы және №6, №7, №9 қалалық емханалар. Бұлардың барлығы тұрғын­дардың өмір сапасын жақсартып, ден­саулығын нығайту жолында барынша қызмет көрсетуде.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.