Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлаушылар тізіміндеріне енгізу туралы

0 180
Сайлаушылар тізімдеріне Республиканың белсендi сайлау құқығы бар және тиiстi сайлау учаскелерiнің аумағында тіркелген азаматтар енгізіледі.
Әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
2022 жылғы 20 қазанға дейін сайлаушы тұрғылықты жері бойынша учаске тізіміне енгізу үшін тиісті әкімдікке өтініш беруге құқылы.
Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берілген жазбаша өтініш негізінде тізімдерге енгізіледі.
Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне ене алады.
Сайлаушылар тізіміне енгізуді тексеру немесе тізімге енгізу үшін қайда жүгіну қажет екенін тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы ақпарат ала алады.
2022 жылғы 4 қарашадан бастап азаматтарға белгілі бір учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.